«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 11-12 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. 11-13 мамырда кей жерлерде тұман күтіледі. 11-13 мамырда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 12-13 мамырда екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ: 12 мамырда кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. 11-13 мамырда кей уақытта тұман күтіледі. Күндіз 12, тәулік бойы 13 мамырда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.