«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 07 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы күтіледі. 06-08 мамырда кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 06-08 мамырда кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, түнде және таңертең 06 мамырда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 06-08 мамырда кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. 06-08 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.