«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 04, тәулік бойы 05 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 04, түнде 05 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі.
Күндіз 04, түнде 05 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы күтіледі. 04-07 сәуірде кей жерлерде тұман, түнде 05-06 сәуірде көктайғақ, күндіз 04-05 сәуірде найзағай, бұршақ болуы ықтимал. 06-07 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ: түнде және таңертең 05-07 сәуірде тұман, күндіз 04-05 сәуірде найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Таңертең және күндіз 04, тәулік бойы 05, күндіз 06 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.