«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, күндіз 26 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең 26-27 наурызда кей жерлерде тұман, күндіз найзағай күтіледі. 26-27 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 26 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: күндіз 26-27 наурызда найзағай күтіледі. 26, таңертең және күндіз 27 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, 26 наурызда кей уақытта 25 м/с күтіледі.