«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 20-22 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз найзағай күтіледі. 20-22 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, 20 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 20-22 наурызда кей уақытта тұман, күндіз найзағай күтіледі. 20-22 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз 20 наурызда кей уақытта 25 м/с күтіледі.