«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13-14 наурызда Жамбыл обысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13-15 наурызда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 13-15 наурызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 13, 14 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: күндіз 13 наурызда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13-15 наурызда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 13-14 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.