«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24, түнде 25 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 23-25 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, 25 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз 23, тәулік бойы 24, түнде және таңертең 25 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі. Түнде 25 ақпанда ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Тараз қ: 24, 25 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 23-25 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күндіз 23, тәулік бойы 24, түнде және таңертең 25 ақпанда екпіні 23-28 м/с, тәулік бойы 24, түнде және таңертең 25 ақпанда кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі. Түнде 25 ақпанда ауа температурасының 10-12 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.