«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 09 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 09-11 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 09 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. 09-11 ақпанда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 09 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 09-11 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 09 ақпанда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.