«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29 қаңтар-02 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 01-02 ақпанда кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 29 қаңтар-02 ақпанда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 30 қаңтар-01 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 29 қаңтар-02 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі. 01-02 ақпанда кей уақытта көктайғақ күтіледі. 30 қаңтар-01 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі.