«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22-23 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.