«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 18-20 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 19-20 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 18-20 қаңтарда кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 19, түнде және таңертең 20 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 18-20 қаңтарда кей уақытта тұман, 19-20 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең 20 қаңтарда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.