«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 қарашада Жамбыл облысында таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде 11-13 қарашада тұман, 12-13 қарашада көктайғақ күтіледі. 11-12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 12 қарашада екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ: 11-13 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. 12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.