«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында 2 градус үсік күтіледі.