Дауылдық ескерту
«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 12 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 12 қазанда жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі.