«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 05 қазанда түнде Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 05 қазанда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.