«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 04 қазанда түнде Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 04 қазанда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.