Дауылдық ескерту
«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 03 қазанда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Тараз қ.: 03 қазанда жоғары өрт қаупі күтіледі.