«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 01 қазанда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 01 қазанда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.