Дауылдық ескерту
«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 27 қыркүйекте Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 27 қыркүйекте түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.