«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 20 қыркүйекте таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 20 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.