«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 13 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 13 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.