«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 24 тамызда Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 24 тамызда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.