«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 23 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 23 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.