«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 16 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық сақталады.
Төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 16 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.