«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 11 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 11 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.