«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 09 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыс бойынша күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 09 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.