Облыс бойынша: күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 15 градус жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 29 градус жылы болады.
Тараз қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 градус жылы болады.