«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 05 тамызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 05 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.