«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 04 тамызда Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 04 тамызда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.