«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 02 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша 38-40 градус қатты ыстық сақталады.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 02 тамызда күндіз 38-40 градус қатты ыстық сақталады.
Төтенше өрт қаупі сақталады.