«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30 шілдеде Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 30 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.