«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 22 шілдеде түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақытарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 22 шілдеде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.