«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 21 шілдеде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с , екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі.
Тараз қ.: 21 шілдеде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.