Дауылдық ескерту
«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 15 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 15 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз 39-41 градус қатты ыстық күтіледі.