«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан
жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.