«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 09 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Тараз қ.: 09 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.