«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 08–13 шілдеде Жамбыл облысында күндіз 34–39 градус қатты ыстық, ал 10 шілдеден бастап облыстың оңтүстігі мен орталығында 40–43 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде қатты және өте қатты ыстық болжамына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Тараз қ.: 08-13 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.