Дауылдық ескерту
«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 03 шілдеде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 03 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.