«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 02 шілдеде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 02 шілдеде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.