Дауылдық ескерту
«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 30 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Тараз қ.: 30 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.