«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 24 маусымда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 24 маусымда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.