«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес 23 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.