«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 21 маусымда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Тараз қ.: 21 маусымда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.