«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 18 маусымда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 18 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.