«Қазгидромет»РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 17 маусымда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 17 маусымда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.