«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 15 маусымда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 39 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Тараз қ.: 15 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.