«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 09 маусымда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы
аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 09 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.