«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 03 маусымда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қаупі облыстың батысында, орталығында сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күтіледі.
Тараз қ.: 03 маусымда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.