Дауылдық ескерту
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 29 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 29 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.