«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 28 мамырда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 28 мамырда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.